Сәлем!
Сәлем!
Сен көрмені жақсы көресің бе?
Өте жақсы көремін
Сен білесің бе, бүгін мысықтар көрмесі?
Әрине, біз ата-анамызбен баруға жиналдық.
Мен сендермен баруыма бола ма?
Әрине.
Көрмеден соң
Саған көрме ұнады ма?
Өте ұнады, мысықтар сұлу, жақсы үйретілген.
Келесі аптада тағы көрме болады, барамыз ба?
Әрине.
Әзірге
Әзірге
Қазіргі уақытта Қазақстанда медицина дамып келеді. Елімізде көптеген ауруханалар салынған, онда өте жақсы мамандар жұмыс істейді. Ауруханаларда жаңа жабдықтар орнатылған, бұл жаңа технологияларды қолдана отырып дәрігерлер жақсы зерттеулер жүргізіп, диагнозды неғұрлым дәл белгілеуі мүмкін. Заманауи бағыттағы медицинаның маңызды нәтижелері адамзаттың ұзақ, бақытты өмір сүруіне мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Ат жарыс - көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламанбәйгемен бірге тай, құнан, жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.
Татулық табылмас бақыт. Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты. Ұрыстың мерейі – ерлік, Ырыстың мерейі – бірлік. Жаман жолдастан мықты таяқ. Жолдасты жол айырады. Қасың менен досыңды Қас-қабағың танытар. Ауыл итінің достығы Сүйек тастағанша. Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды.
Өлтіреді баяндауыш
намыс бастауыш
ерди толықтауыш