Маған география пәні ұнамайды, бірақ география пәнінің мұғалімі Айнур апай қатты ұнайды
Әсем-ұсқынсыз,тез-баяу,шебер-епсіз,ақсаусақ
Арман адамды қанаттандырады. Адамның арманы ешқашан таусылмайды, яғни армансыз адам болмайды. Әркімнің арманы өзінің жасына, біліміне, өскен ортасына байланысты болса керек. Менің әзірге арманым жақсы оқып, тиянақты білім алу. Адал да, мейірімді болып өсіп, өз жетістіктеріммен ата-анамды қуанту. Мен "Алтын балықтан" ешнәрсе күтпеймін, жетістіктерге өз еңбегіммен жеткім келеді. Арманға жетудің кілті адал еңбек. Ал, еңбектену үшін білім керек. Білім алу үшін көп оқып, көп білуім керек. Міне, менің әзірге арманым осындай. Менің ата-анам мен үшін үлгі. Олар көп жетістіктерге қол жеткізген. Олар бізге бұның бәрі біздің біліміміз бен адал еңбегіміздің нәтижесі,- дейді.
Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық
кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем
чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша
WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. <span>2013
жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі
қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA
Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын .</span>
♦ Жаңа туфлиді кепкен соң ғана майлауға болады. Артынша щеткамен немесе барқыт, жүн матамен тазалаңыз. Жалтыратқыңыз келсе, лимонмен сүртіңіз; ♦ Ішіне газет салып, сыртына колготкі кигізу арқылы дымқыл туфлиді кептіруге болады. Бұлай жасамаған жағдайда бұрынғы пішінін жоғалтуы мүмкін; ♦ Қысқы серуеннен кейін аяқ киімді бірден тазартуға ерінбеңіз. Артынша майлауды ұмытпаңыз; ♦ Күдері аяқ киімді резіңке щеткамен тазалап, түгін жатқызу керек. Түгін шәйнектің буына тосып тұру арқылы жатқызуға болады; ♦ Ыстық сумен күдері аяқ киімнің дағын кетіруге болады. Ал ағарған жерлерін спиртке батырылған мақтамен, артынша өшіргішпен сүртуіміз керек; ♦ Шаң-тозаңнан тазартқан соң ғана аяқ киімге май жағуға болады; ♦ Май аяқ киім түсіне қарай таңдалуы тиіс. Немесе барлығына жарайтындай түссізін алыңыз; ♦ Егер түрлі түсті туфлиіңіз болса, бірнеше щетка мен барқыт мата алып қойыңыз; ♦ Скипидардың көмегімен қою майды сұйылтуға болады; ♦ Лакталған туфли қыс мезгіліне жарамайды. Суықтан шытынап, майда торлар пайда болады. Мұндайда сүтке батырылған мақтамен, артынша пиязбен сүртуіңіз керек; ♦ Бұдан өзге вазелинмен майлап, жұмыртқа ағымен жалтырағанша тазалауға болады; ♦ Резіңке етік пен бәтіңкеге ұлтарақты міндетті түрде салыңыз. Ұлтарақтың былғарыдан немесе қалың матадан жасалғаны абзал. Шытынап кетуі мүмкін болғандықтан, отқа жақын қоймаңыз; ♦ Пимадағы қарды бірден тазарту керек. Егер пиманы гәлөшпен бірге кисеңіз, оған кебуге мүмкіндік беріңіз; ♦ Пима мен жұқа киіз бәтіңкелерді қатты щеткамен тазалаңыз. Тазалау үшін пемза мен кішкене теріні пайдалануыңызға болады. Ал кірлеген жерін жуыңыз. Бірақ жуған соң пішінінің айтарлықтай кішірейетінін ескеріңіз; ♦ Туфлидің тақылдаған даусын кетіру үшін табанына үпілмәлік майын жағыңыз. Ал Сіз аяқ киіміңізді қалай тазалайсыз?
<span>Толығырақ: </span>http://massaget.kz/kyizdarga/shayra/26366/
<span>Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз</span>