Мен ауылда демалу өте сүйемін. мен соң үйдің айуанаттарының қараймын. жидектерді жию сүйемін. біз әжемен қайнатпаны пісіреміз. ауылдан тоғанға деген қалаймын. Балықты аулаймын. Велосипедте жүремін. Стадионға деген аралаймын. ша таң мен құстың томарымен тұрамын. нешінші соң менің тереземнің ылғи ән айтады<span>
</span>
1.Сан есім-заттың санын,ретін білдіретін сөз табы.Оның 6 мағыналық түрі бар.Олар:есептік,реттік,топтау,жинақтық,болжалдық,бөлшектік сан есім.
Кеше мектепке балаларжһдыңбесеуі ғана келді.
3.Әсем-әдемі,көркем,ару.Үлкен-зор,төмен-еңіс,Күшті-әлді,білекті,ер-батыр,қаһарман,шеше-ана,апа,атақты-әйгілі,даңқты.
Қазақстан – қазіргі заманның ерекшеліктері мен ежелгі дәстүрлерін үйлестірген бірегей ел. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар келесі демалыс орындарында демала алады:
Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Көкшетаулық қырлардың орталық бөлігін Көкшетау таулары алады, ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 947 метрге жетеді. Бурабай – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері, спорт-сауықтыру лагерлері аймағы. Бұнда Қазақстанның және ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен денсаулықтарын жақсарту, табиғатпен танысу, демалу үшін ондаған мың адамдар келеді. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа әсіресе керемет, дала шөптері мен қылқанды орман исімен қаныққан таза ауа. Суға түсу маусымы маусымнан басталады. Орташа алғанда қонақүйлерде және пансионаттарда тұру тәулігіне 5000 теңгеден басталады.
Ауыз әдебиеті әңгіменің бір саласы – аңыз. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы – аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.
Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады.
Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.
Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.
Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
Киіз үйді шетелдіктер де пайдаланып жүр.Кейбір əлуметтік желілерде бізбің киіз үйіміздің ішінде шетелдіктер жүрген суреттерін байқап қалып жатамыз.Кейбір Астанадағы этноауылдарда киіз үйді шетелдіктер сатып алып жатыр.Біз киіз үйдің деңгейін көтеруіміз қажет.