Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
Білезік алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.
Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.
Жеңілгек – жейде жеңіне тағылатын бұйым. Теңге жеңілгек, күміс жеңілгек, меруерт жеңілгек деген түрлері болған.
Күміс отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.
Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
Қапсырма деп те атайды.
Қолтықша – иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-сөмке. Күнделікті ұсақ-түйек заттар мен тіл-көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нәрселер салынады.
Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
Оқшантай ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
Өңірше - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Ерлердің жейдесі мен әйел көйлегінің омырауы әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген.
Сырға т.б.
Сәукеленің сырғасы – күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.
Тамақша – қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі. Барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төмен жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.
Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.
Үкіаяқ – бас киімге тағылатын үкі тұяғына ұқсатып соғылатын күміс тұғырға орнатылған бұйым. Бұйымға шынжыр арқылы тиындар, моншақтар, қоңырау сияқты бөлшектер ілінеді. Кейде кішкентай баланың бесігіне іліп қоятын болған.
Шекелік – сәукеле, тақия, басқа да баскиімге тағылатын тағым. Бірнеше бөліктен тұрады әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Қозалы шекелік, шошақ шекелік, ширатпа шекелік деген түрлері бар.
Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады.
Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады.
Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.
Ответ:
Қар-көшкіні,тік-беткейі,биік-шоқы,асқар-шың,жоғары-көтерілу
Объяснение:
Дәлелдемелік эссе
Алаштың ардақты азаматы.
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын!...- деп ұрандап өткен Алаш қайраткерлері өн бойыңа елге деген сүйіспеншілік сыйлайды.Алаш қозғалысы,Алаш автономиясы атты тарихи оқиғалардың тарихымызда алар орны зор.Сол Алаш қозғалысы кезінде талай қайраткерлер елім, жерім деп,қуғынға ұшырап қаза тапқан.Сондай алаштың ардақты азаматтарының бірі,қасына талай ұлтжанды қазақты жия білген тұлға – <u>Әлихан Бөкейханов </u>болды.
Әлихан Бөкейханов – қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға,ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы.Оқу оқып жүргеннің өзінде-ақ оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын, мәдениетін,білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қойған екен.Әлихан Бөкейханов хан ұрпағынан болды.Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін ғұмыр кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде «<u>Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын</u>» - деп жазды. Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалғандығынан алаштың өр тұлғалы азаматы екендігіне көз жеткіземіз.Оның есімі мәңгі біздің жадымызда қалады деп білемін.
Tinvodkabalalaika kukaracha prevet soplia gogolmogolkurwa