Септік жалғау.
А.с. су
І.с. судың
Б.с. суға
Т. с. суды
Ж.с. суда
Ш.с. судан
К.с. сумен
Тəуелдік жалғау.
1 ж. Менің қарындашым
2ж Сенің қарындашың
Сіздің қарындашыңыз
3ж Оның қарындашы
Көпше:
1жБіздің қарындаштарымыз
2ж Сендердің қарындаштарын
Сіздердің қарындаштарыңыз
3жОлардың қарындаштары
Көптік жалғау:
Ойыншықтар
Жіктік жалғау:
1ж Мен баламың
2ж Сен баласың
Сіз баласыз
3ж Ол бала.
Көпше:
1ж Біз баламыз
2ж Сендер баласыңдар
Сіздер баласыздар
3 жОлар балалар.
Вуаля! Всё легко и просто
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суыңы-ай!
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры- Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. Қазіргі таңда негізгі бағыты- опера және балет өнерінде Қазақстанның мәдени саясатын іске асыратын және халықтың мәдени мұраны насихаттау, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жастарды опера және балет классикасының майталмандарымен таныстыру. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді.Сахна шеберлері Франция, Германия,Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ (Америка) сияқты басқа да көптеген елдерде қошеметтеді
<span>Наурыздың мағынасы</span>
<span>Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың ал- ғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше ды- быс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шық-қан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл та-биғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.</span>
<span>Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?</span>
<span>Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қа-зығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне таба-ны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шық- қаны туралы» жазбасын- да Наурыз тарихын көш- пелі халықтардың «хиби- ғи», «хұзағи» деп атала- тын көне заманына ұш- тастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол ма-ғынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі ин-до – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пай- даланылған. Ал одан бер-гі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың кө- не шежіресінде де Нау-рыз, Алаш деген сөздер бар. </span>