Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі.
Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген салу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұның бәрi би арқылы орындалады. Iшпек, тоқым-ер салып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көрсетедi. Ат ерттелiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас бишiлер болса, олар да биге қосылып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.
Яғни бірлігі жоқ елді жау оңай алады
Ауру батпандап кіреді, шымшымдап шығады.
Халқымыздың қандай да бір мақалын немесе мәтелін алатын болсақ, олардың көпшілігі өте тауып айтылғандығына көзіміз жетеді. Оны біз өзіміз басымыздан өткенде ғана сеземіз. Денсаулығың барда ауру адамның жағдайын ұға бермейміз және денсаулығымызды сақтауға көңіл бөлмейміз. Оны мен өзім қатты науқастанғанда білдім. Жаңбыр сыртта қатты жауып тұрды, мен жауынды өте ұнатамын, сондықтан жауын астында ұзақ уақыт болдым. Сол күні кеште қызуым қатты көтеріліп, ауруханадан бірақ шықтым. Сонымен ұзақ емделіп, дәрі-дәрмек қабылдап, әзер жазылдым. Міне, менің ауырума бірер сағат жеткілікті болса, сауығуыма қаншама күндер кетті. Жоғарыдағы мәтелдің нақты дәлелі.
Мектеп.
Біздің мектеп Абай көшесінде орналасқан.Мектебіміз үш қабатты,үлкен және жарық .Мектепте асхана, кітапхана, спорт залы ,көп сыныптар бар.Мектептің ауласы кең.таза.Мектебімізде дарынды оқушылар білім , тәрбие алады.