-Қандай өсімдіктер өседі?
-Алакөлде балықтың қанша түрі мекен етеді?
-Көлдің жағасында қандай құстар мекендейді?
-Бұл жердегі құстардың қанша түрі "Қызыл кітапқа" енген?
Мақтаншақ туралы мақал - мәтелдер:
1. Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.
2. Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
3. Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.
4. Ат қартайса,
Жасқаншақ болады.
5. Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
6. «Барамын» деп мақтанба,
Жарлық бар.
«Көппін» деп мақтанба,
Жалғыздық бар.
7. Мақтанып жүрмей,
Сақтанып жүр.
8. Екі батыр мақтанса:
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.
9. Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.
10. Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
11. Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
12. Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
13. Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.
14. Жапа шегіп, жай жату,
Жасқаншақтың белгісі.
Аспандағы айды ату.
Мақтаншақтың белгісі.
15. Мақтаншақты мақтасаң,
Басыңа секіреді.
16. Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.
17. Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.
18. Мақтаншақ міншіл келеді,
Қызғаншақ күншіл келеді.
19. Мақтаншақтың қазаны бос қайнайды.
Арқасында асты
жетпеді оған шамасы
масқара болып қапты
:салем алия
: салем дана
:Алия сен казакстин улттик тагамдпри турали билесин ба?
:йа,арине.мен асиресе еттен жасалган тагамдарди жаксы корем.Ал сен Казактин улттик 7 турли тагамнан жасалатын тамак ти билесин ба,?
:Арине ,сен Казактин улттик жана жылында дайындалдын Наурыз көжені айтип отирсин го.
:йа
жарайды ертенге дейн,сау бол.
Егер, үйде қонақ болса, үлкендер дастархан төңірегіне отырып қалса, онда жасы кішілер қонақтардан бастап қолға су әкеп құйып, сүлгі ұсынуы немесе қонақ кісіні қол жуғышқа бастап барып, ол қолын жуып болған соң, таза сүлгі беруі тиіс. Мүмкін болса, әр адамға жеке-жеке шағын сүлгі ұсынса, тіптен жақсы. Сондай-ақ жасы үлкендердің жасы кішілерге, ата-аналардың балаларының қолына су құйып, орамал әкеп беріп жатуы жарамайды.
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек.Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.