Ответ:
1) Алуа қолөнер бұйымдарын ою-өрнекпен əшекелейді.2) Дана киіз басып ,сырмақ жасады.3) Зере түрлі түсті жіппен тұскиізді кестелді.4) Олар дайындаған заттарды көрмеге қойды.
- Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма?
- Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
- Неліктен?
- Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
- Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
- Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
- Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
- Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
- Ал ауаны қалай ластамауға болады?
- Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
- Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
- Оттегі деген не?
- Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
- Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.
- Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.
Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
Салғызды-өткен шақ етістігі.Құрамына қарай талдау;
сал-түбірі,ғыз-өзгелік етіс жұрнағы,ды-жіктеу етістігінің 3 жағы