Бұл қазіргі кездегі өте танымал әлеуметтік желі. "Whatsaap " арқылы фото, аудио, видео алмасуға болады. Алыс -жақын туыстармен, достармен хабар алмасуға болады. Тіптен, соңғы версиясында онлайн чат, яғни видео арқылы сөйлесуге болады. Менде бұл желінің тұрақты қолданушысымын.
Үлкендерге қалай көмектесесің?
Қолында ауыр зат болса, өзім алып үйіне дейін жеткізіп тастаймын. Автобуста орын беремін. Үлкеннің айтқанын екі етпей орындаймын. Жол сұраған адамдарға жол көрсетемін. Жолда өте алмай жатқан қарияны сүйеп өткізем. Сырқат әжейге дәрі берем.
Білім деген өте маңызды ұғым.Бос уақытты босқа жұмсамай, кітап оқып білім өрісін кеңейту артық емес.Қазақта білім жайлы мақалдар көп.Мысалға "Білім азбайтын тоң, таусылмайтын кең","білімді мыңды жығады" т.б.Білімді болсан сыйлы боласын.Мектеп кеме білім теңіз ал біз сол білім нəрімен сусындап жүрген қазақстанның атын шығаратын жастармыз.Білімді болайық достар!
<span>Voleibol қабат (ол қарсыласының облысы бойынша қонды етіп қарсыласы допты үшін тырысып, екі команда желісі бөлінген арнайы саласындағы бәсекеге оның барысында баскетбол және т.б. dalie, спорт, команда спорт ойын сияқты өте танымал спорт қабат), немесе қорғаныс ойнатқышқа қателік жасады. Бір команданың шабуыл ойыншылары ұйымдастыру үшін Сонымен қатар (блогында жанасу қосымша) аспайтын үш қатарынан тиіп доп рұқсат етіледі.</span>
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.