<span>Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу</span>
Уже наступило время обеда. Они сидят за столом. На стене позади них и на полу ковры ручной работы. Невысокий стол накрыт накрахмаленной белой скатертью. На столе лежат лепешки, баурсаки и прочие яства. В пиалах налит горячий чай. Обед проходит за непринужденной беседой.
Надеюсь, что это подойдет.
Өмірге келдім, сені көрдім, туған жер, Ең алғаш рет кіндік қаным тамған жер. Өтті сенде қуанышты әр күнім, Топырағыңда асыр салып, шалқыдым. Ыстық маған жусаның да, жерің де, Тең келер саған жоқ қой ауыл елім де. Ыстық маған жерде жатқан әр тасың, Туған жерім менің панам болғасын. Туған жерім шер тарқасар сырласым, Туған жерім қайғымды айтар мұңдасым. Керек кезде тасымен де сөйлесер, Туған жерім менің мәңгі жолдасым. Қызық маған сенде өткен бар күнім, Айта берсең көп қой оның барлығын. Шегіне жетпес жер секілді боласың, Сездірмейсің туған жердің тарлығын. Дегенімен, 8000-дай халықты, Құшағыңа сыйдырып-ақ кетесің. Керек болса, ең ең деген алыпты, Туған жерім сәбиіңдей етесің. Сенде ана, ал біз сенің перзентің, Сенің, міне, топырағыңда бой жеттім. Сондықтан да әр жеріңе гүл егіп, Қоқыстардан тазалау ол-міндетім
Тоғызыншы мамыр күні бүкіл Кеңес Одағына ортақ үлкен мейрам. Қазір КСРО деген болмасадағы, біз бұл мейрамды әр жыл сайын тойлаймыз. Барлық қалаларда шерулер ұйымдастырылып, мереке қарсаңызда ардагерлерге силықтар берілді. Өкінішке орай, арамыздағы ардагерлер саны жылдан жылға азаюда. Сол себептен, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа айтарым, үлкен ардагерлерге ізет көрсетуден талмаңыздар. Бүгінгі тыныш күніміз және көк аспанымыз, соғыста қан төккен ардагерлердің арқасы.
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағайойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлықэкспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтанубөлімінде сақтаулы.