Алматыда 18 театр бар екен
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры
Н. Сац атындағы балалар және жасөспірімдер Мемлекеттік академиялық орыс театры
1944 жылдың 6 қыркүйегі күні «Алма-Ата қаласында жасөспірімдер театрының құрылуы туралы» КПОК (б) мен Кеңес халық комитетінің Қаулысы шықты. Театрдың негізін қалап, оған жетекшілік еткен танымал театр қайраткері Н.И. Сац болды. 1945 жылдың 7 қарашасында алматылық кішкентай балалар алғаш рет театрдың табалдырығын аттады. Олар түске дейін Е. Шварцтың «Қызыл телпек» спектаклін тамашалады. Сонымен қатар театр […]
АРТиШОК театры
Мекенжай Алматы,Қонаева к-сі, 49/68, Жібек жолы к-сі (кіріс сыртынан) Показать на карте Телефон + (727) 273-52-82 Сайт www.artishock.kz
Ұйғыр музыкалық драма театры
Мекенжай Алматы қ, Наурызбай батыр к-сі, 83 Телефон +7 (727) 272-82-76, 272-59-33 Сайт www.uygurtheatre.kz
Мусірепов атындағы театр
Мекенжай Алматы қ, Абылай хан д-лы, 38 Телефон +7 (727) 271-42-37 (касса), 271-48-60 Время работы 10.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00. Сайт www.teatr-musrepov.kz
Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры
Мекенжай: Папанина к-сі, 70/1, Алматы қ, 050056 Телефон: +7 (727) 384–82–78 +7 (727) 384–15–27
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
Мекенжай: Алматы, 050000, Қабанбай Батыр к-сі, 110 Телефон: Администрация +7 (727) 272-79-63 Касса +7 (727) 272-79-34
Неміс драма театры
Телефон: +7 (727) 392-01-18, +7 (7
Факс: +7 392-01-18
Мекенжай: ул. Сатпаева, 64 д, уг. ул. Розыбакиева (на время реконструкции спектакли проходят в Доме культуры АРО по адресу: ул. Ауэзова, 3 между ул.Толе би и ул. Гоголя)
Мұхтар Әуезов атындағы драма театры
Веб-сайт: http://www.teatr-auezov.kz
Телефон: +7 (727) 378-53-85 касса
Мекенжай: пр. Абая, 103, уг. ул. Байзакова
Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
Веб-сайт: http://www.tl.kz
Телефон: +7 (727) 267-31-31, +7 (7
Мекенжай: пр. Абая, 43, уг. ул. Абылай хана
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.
Қазақтың жазба және ауыз әдебиетіне үлесі өлшеусіз жазушы, ақын, ғалым ағамыз Жұмаділ Маман кеше, 17 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды. Елі үшін қосқан ересен еңбегін мәңгілік дей отырып, ардагер ағамыздың топырағы торқа болсын демекпіз.
Аға редактор, танымал ақын, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Жұмаділ Маман 1941 жылы ҚХР Іле Қазақ облысы Күнес ауданының Түрген ауданында дүниеге келген.
1956-1959 жылдары Шыңжаң педагогика институтының әдебиет факультетінде білім алған. Еңбек жолын 1959 жылы "Іле жастары", "Іле өрендері" газеті редакциясынан бастап, Қытайдағы қазақ тілді басылымдарда тілші, редактор қызметтерін атқарады. Іле Қазақ автономиялы облыстық туынды жарату кеңсесінің бастық орынбасары қатарлы міндеттерді өтеген танымал қаламгер. 1985 жылдан 2003 жылдың сәуіріне дейін Іле Қазақ облыстық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы, "Іле айдыны" (қазақ, ұйғыр және қытай тілдерінде) журнал мекемесінің бастығы әрі бас редакторлық міндетін атқарған.
«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады. «Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал, «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр» дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.