Мың тоғыз жүз тоқсан төрт
Шұғаның белгісі» хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—»Шұғаның белгісі» хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста «Садақ» атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді…
көшпенділер жазда жайлауға қыста қыстауға күзде күздеуге көктемде көктеуге барады Олар өздеріне қолайлы малға жайлы жерге барады
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді… Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған тұрмыстық ерекшеліктері бар, ретке келтірілген және едәуір дамытылған шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды… Қазақ мәденнетінің негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып ееептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған.
Қазақтың ұлы ақыны-Абай Құнанбаев. Ол (1845-1904ж.ж)-ағартушы, философ, коипозитор ж/е т.б істерді атқарған. Абай (Ибраһим) дәулетті отбасыдан шыққан. Ал оның жан досы Ербол Көмекбайұлы (1843-1884ж.ж)қарапайым отбасыдан шықса да, адал, сөзге шешен, жұғымды кісі болады. Ербол мен Абай Ж.Сүйіндіктің ауылында таныс болады. Абай Ж. Сүйіндіктің қызы Тоғжанға ғашық болады. Олардың табысуына Ербол көмектеседі. Ербол дүние салғаннан кейін, оның үйіндегі жақындары мен балаларына Абай көмектеседі.
Мен үшін Абай да, Ербол да "Қос бəйтерек" ж/е нағыз дос.