Бірінші, екінші, жетінші, оныншы.
Біреу, екеу, жетеу. 10 саны жинақтық бойынша талданбайды!
Екідей, жетідей, он шақты.
Бір-бірдей, екі-екідей және т.б.
Менин анам оте жаксы Адам. Мен анамды сыйлаймын. Мен оны катты жаксы коремин.
Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері.
Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Kroliki001.jpg
Қазіргі кезде:
170 млн-ға жуық қой — Австралияда;
197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда;
7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
Теледидарда жарнама көптеп шығады.
Біз апта сайын отбасымызбен саябаққа барып тұрамыз.
Мектепте "Көктем аруы" атты байқау болып өтті.
Мен үйімнің ауласына көшет отырғыздым.