Ауыз әдебиеті әңгіменің бір саласы – аңыз. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы – аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.
Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады.
Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.
Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.
Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
Қауын мен қарбыз... Көз алдыңызға бірі дөңгелек, бірі сопақ пішінді дәмі тіл үйірер жемістер келген болар. Дәл қазір жас пен кәрінің ортақ тіске басарына айналған осы жемістердің маусымы. Қауын мен қарбыз сіздің де сүйікті асыңыз екендігіне күмәніміз жоқ. Ал сіз сол жемістерді жей отырып, «бұлар қашан, қайдан шықты?», «құрамынды нендей заттар бар?», «пайдалы ма, зиян ба?» деген сауалдар қойып көрдіңіз бе? Иә?! Олай болса, бүгін сіздің сауалдарыңызға бірге жауап іздеп көрейік!
<span>Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. </span>Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. . Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі
Қарлығаш өте әдемі құс.Қарлығаш онша үлкен емес, Ол аспанда жақсы ұшады.<span>дауысы онша қатты емес. Қарлығаштың құлаққа жағымды әні бар.Қарлығаш ұясын саз балшықтан ауланың айналасына салады.Қарлығаш адамның досы.Қарлығаш әдемліктің </span>
Салем! Сыздерды Жана жылмен кутыктаймын! Жана жыл сыздерге, зор денсаулык,бакыт,куаныш,кут-береке акелсын! Жана жылдага тылектерыныз орындалсын! Жана жылмен! Там специфические казахские буквы сама же напишешь а то казахского шрифта нету!))