Мен күресемін
сен күресесің
сіз күресесіз
ол күреседі
6. Баянауылда "Найзатас" деп аталатын таңғажайып тегіс жартас бар. Олай аталуының себебі: күн, жел және судың әсерінен кедір-бұдыр тас үйіндісі жып-жылтыр болып, әрі тегістеліп, бөлке нанның формасына ұқсап кеткен.
7. Драверт үңгірі. Жасыбай көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында үңгірлердің бірінен П.Л.Драверт жартасқа жосамен (охра) жасалған суреттерді тауып, алғаш рет сипаттама берген.
8. Жасыбай көлі. Көлемі жағынан екінші көл - Жасыбай. Әсемдігі таң қалдырар бұл көл тұнық, әрі таңғажайып жұмсақ суымен толтырылған.
9. Сабындыкөл көлі. Ең ірі көл - Сабындыкөл көлі. Бұл атау оның ерекше жұмсақ суына қарай қойылған. Аңыз бойынша бұл көлде Баян сұлу әсем шашын жуған, әрі осы көлге өз сабынын түсіріп алған екен.
10. Баянауыл қорығы. Маңайдағы тоғайларда таңқурай, итмұрын, қарақат, бүлдірген, доланалар қаулап өседі. Қырыққұлақ (папоротник) және арша (можжевельник) тоғайында, сондай-ақ шыршалы, әрі қайыңды тоғайларда шамамен 50 шақты құстың және 40 шақты аңдардың түрлері мекендейді. Баянауыл тауларының айтарлықтай мақтанышы - сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, әрі қорғауды қажет ететін аң ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқар.
дарынды бағала батылдық күзгі қайратты өнегелі
22 наурыз-күн мен түннің теңелетін күні
<span>«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес.Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.</span>