Скафандр перевод на казахский так же СКАФАНДР
Маған алпамыс батыр ертегісі ұнайды.Ол өте қызығырақ.
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. 1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар. Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын. Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын: Менің Отаным – Қазақстан, Жасара бер әрқашан. Президент ата Нұрсұлтан Біздің елді басқарған.
<span />
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші — күннің нұрын, екінші — мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.
Бір күні:
— Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, — деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.
— Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.