Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Бүгін менің досымның туылған күні! Біз оның үйіне барып оны құттықтадық. Сосын ол туған күнін атап өтуге бізді кешкі 18:00 ге үйіне шақырды. Мен достарыммен бірге сыйлық алып оның үйіне бардым. Досымның туған күні көңілді өтті!!!
Қазақ тілі сабағы бар. Оқушылар мәтінді оқып, қазақшаға аударады.
Мұғалім: Бұл сөйлемді қалай аударуға болады?
Асан: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Мұғалім: Дұрыс. Осы сөйлемді дәптерге жазып, талдау жасаңыз.
Ойын - түбір (корень)
а -жалғау (окончание)
ой - түбір (корень)
ла - жұрнақ (суффикс)
әкел - түбір сөз
жылы - түбір сөз
Жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету жарақаттанған жерді тазалап, оны ластамаудан басталады.
Мүмкіндігінше жарақаттанған жердегі киімдерді шешіп немесе жыртып тастап тазартуға болады.
Жарақатты асқындырып алмау үшін оның айналасын жуып, қолда бар дәрі-дәрмекті пайдалану керек.
Сүйек сынған болса, оны қозғалтпай қатты заттарды пайдалана отырып, таңып тастауды ұмытпағаны жөн. Таңып байлау жарақаттың түріне, оның орналасқан жеріне байланысты. Адам ес-түсінен ажырағанмен, оның жүрегі әлсіз соғып тұрғанын, өкпенің тыныс алуын байқауға болады. Мұның бәрінде тыныс алу жиілейді немесе баяулайды, кейде тіпті тоқтап қалуы да мүмкін.
Мұндайда қан қысымы төмендеп, жоғары көрсеткіші 80-90, төменгісі 0-ге түсіп кетеді. Тері бозарып, денеден мұздай тер шығады. Көздің қарашығы үлкейіп, қараңғы мен жарыққа ешқандай жауап әрекеті байқалмайды. Денесі біртіндеп мұздап, жүрек соғуы мен тыныс алуының тоқтауына әкеліп соқтырады.
Клиникалық өлім кезінде тез арада жедел медициналық жәрдем көрсетілмесе, ол биологиялық өлімге ұласып кетуі мүмкін.
Мұндайда жүрекке сырттай массаж жасау және қолдан тыныс алдыру жүйесіне көшкен жөн. Ол үшін «ауыздан ауызға» ауа үрлеу, алақанды жүрек тұсына қойып, 5-6 рет кеудені қатты қысу керек.
Жүрекке сырттай 5-6 массаж жасаудан кейін 1 рет өкпеге ауызбен үрлеген дұрыс.Осылайша алғашқы тыныс алғанша және жүрек соққанша медициналық жәрдем жалғасқаны жөн.