Жекеше түрде
Мен ұстазбын
Сен ұстазсың
Сіз ұстазсыз
Ол ұстаз
көпше түрде
Біз ұстазбыз
Сендер ұстазсыңдар
Сіздер ұстазсыздар
Олар ұстаздар
Далаға қараңғы түсті. Далаға шықсам ай жадаға жарығын шашып тастағандай жап-жарық. Аспанға карасам жұлдыздар жағып қойған шамдай жарқырап тұр. Кенеттен көзім пішіні ожау тәріздес жұлдыздарға түсті. Апам маған ол жұлдыздың аты Жетіқарқшы деді
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды.
Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Боранда күні ит пен бала құтырады.
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
(М. Әлімбаев)
<h2>Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады. Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.</h2>