Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп[1]; 2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең. Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов).[2] Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда
біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, е кіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көрінінстерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т. б.
Анықтамасына қарай бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді:
еліктеуіш (еліктеме) сөздер және бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер.
Бұл анықтамасы. Егор сөйлемдер керек болса көмектесуге тырысамын.
Бүгiн сенiң туған күнiң, – дедi мамасы кiшкентай жанатқа, – ендi сен үлкенсiң. – Сегодня твой день рождения, – сказала мама (его мама) маленькому еноту, – теперь ты большой. – Онда орманға барып, өлең шөп әкелуге бола ма? Тогда в лес сходить (сходив), осоку принести можно? – Әрине, болады. – Конечно, можно. Кiшкентай жанат орманға келе жатты. Оны маймыл көрдi. Маленький енот в лес пришёл. Его обезьяна увидела. – Сен қайда бара жатырсың? – Ты куда идёшь? – Мен тоғанға өлең шөпке бара жатырмын. – Я к пруду за осокой иду. – Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпайсың ба? – Ты в пруду сидящего (сидящую штуку) не боишься? – Қорықпаймын. Ол қорқынышты ма? – Не боюсь. Он страшный? – Ия, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны қорқыт. – Да, страшный. На, палку возьми тоже, его напугай. Кiшкене жанат тоғанға келдi. Маленький енот к пруду пришёл. – Әй, тоғанда отырған, шық, – деп айқайлады – Эй, в пруду сидящий, выходи, – закричал. Бiрақ айнала тып-тыныш болды. Сонда кiшкене жанат суға қарады, судан оған бiреу қарады. Но вокруг тихо-тихо было. Тогда маленький енот в воду посмотрел, из воды на него кто-то посмотрел. Кiшкене жанат бетiн тыржыйттi. Тоғанда отырған да бетiн тыржыйттi. Маленький енот лицо (своё лицо) скорчил. В пруду сидящий тоже лицо скорчил. Кiшкене жанат таяқты көтердi. Ол да таяқты көтердi. Маленький енот палку поднял. Он тоже палку поднял. Кiшкене жанат қатты қорқып кеттi. Ол үйге жүгердi. Маленький енот сильно испугался. Он домой прибежал. – Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда бiреу отыр, ол маған таяқты көтердi. – Мама, я никогда за осокой не пойду. В пруду кто-то сидит, он на меня палку поднял. – Ұлым, сен тоғанға бар да, оған күлiмде. – Сынок мой, ты к пруду иди опять, ему улыбнись. Жанат солай iстедi. Тоғанда отырған бiреу де оған күлiмдедi. Енот так сделал. В пруду сидящий кто-то тоже ему улыбнулся. Кiшкене жанат қуанып кеттi, көп тәттi өлең шөп жинады. Маленький енот обрадовался, много сладкой осоки собрал. – Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпадың ба? – дедi маймыл. – Ты в пруду сидящего не испугался? – спросила обезьяна. – Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлiмде, ол да саған күлiмдейдi, – дедi кiшкене жанат. – Нет, он не страшный. Ты ему улыбнись, он тоже тебе улыбнётся, – сказал маленький енот.