Боямақ, шықпақ, таппақ, жасамақ, байқамақ, енгізбек, алмақ, каламақ, айналмақ, қоспақ, жазбақ
Қазіргі кездегі автокөлік түрлері
Қазір техниканың дамыған заманында өз өміріміздікөліксіз елестету мүмкін емес шығар. Бұрынғы кездері автокөлік астамдық болып саналса, ал қазір қатынас құралына айналған.
Автокөлік түрлеріне келетін болсақ, олар алуан түрлі. Негізгілеріне сипаттама беріп кетейік: жеңіл автокөлік - жүргізушіден басқа 7 адамға дейін отыра алатын көлік түрі. Жүк тасымалдайтын автокөлік өз атынан белгілі болып тұрғандай - цистерна не фургонның көмегімен алыс - жақын аймақтарға жүк тасиды. Автобус болса қала ішінде неесе қалалар, тіпті мемлекет арасында бірден 50-70 адамға дейін тасымалдай алатын автокөлік түрі. Спорттық немесе жарыс автокөлігі - бұл жарысқа қатысуына байланысты құрылысында өзерістері бар көлік түрі.
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
<span />