Дүниедегі ең асыл қазына – адамдардың амандығы, яғни адамзаттың өмірі. «Қамшының қысқа сабындай бір күндік жарық сәуле өкінішсіз, тосын оқиғасыз өтіп, өмірлері күлкімен, шаттықпен өрнектелсе екен» деп, үлкеннің де, кішінің де Алладан тілейтіні – осы амандық. Әрине, өмір болғасын бейнеттің де, қиындықтың да кездесетіні рас. Бірақ «сақтансаң – сақтармын» деген нақыл сөзді жадында ұстап, айналасына жауапкершілікпен қарап жүргенге не жетсін?! Күнделікті ақпараттан құрылыстағы, шахтадағы, зілзала, жол апаттары кесірінен дүниеден өтіп жатқан алтын асықтай азаматтарды, жәудіреген бүлдіршіндерді көргенде тұла бойың түршігеді. Апырай, «адамның басы – Алланың добы, маңдайға қай күні жазылса, сол күні алады» деп жұмыста болсын, тұрмыста болсын, адам өміріне немқұрайды қарайтыны несі деп өкінесің. Әрбір оқиға сайын көптің көкейінде жүрген, миымызды мазалайтын – осы жайт. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр….
Ал мына бір дерек еріксіз қолыма қалам алғызды. Жуырда тәуелсіз мемлекетіміздегі инвесторлардың алғашқы қарлығашы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің биылғы жарты жылдағы атқарған жұмыстары жөніндегі мәліметті ақтара отырып, жауыр болған мұнай мен газ өндіру көлемі емес, «2010 жылғы 20 мамырда «Теңізшевройл» және мердігер ұжымдардың қызметкерлері қауіпсіздік техникасын сақтаудан тағы бір маңызды межеге қол жеткізді. ТШО қызмет уақытын жоғалтпай, ешқандай оқиғасыз 10 миллион «адам – сағат» жұмыс істеген» деген дәйекке ерекше назар аудардым. Осы бір санды әңгімеге арқау етейін. Яғни осы кәсіпорынның адам өмірін сақтауға деген қатаң тәртібін, қызметкерлердің жауапкершіліктерін көзбен көрген оқиғамен байланыстырып, ортаға салуды жөн көрдім. Тоқсаныншы жылдың ортасында Алматыдан келген атақты режиссерлер мен операторларды деректі фильм түсіру үшін «Теңізшевройл» кәсіпорнына бастап апарғаным бар. Уақыт тығыз, кешкі автобуспен қалаға қайта оралу керек. Бізді қарсы алған кәсіпорын қызметкері міндетті түрде техника қауіпсіздігі жөнінен лекция тыңдау қажеттігіне тоқталды. Келген қонақтар қызметтік куәліктерін көрсетіп, зауыт ішіне кірмейтіндіктерін, тек сыртқы көрінісін түсіретіндіктерін айтып, азар да безер болды. Бірақ болмады. Амалсыздан бесінші сыныптың оқушысы сияқты партада отырып, дәріс алуға тура келді. Оқуымызды оқып болып, көлікке отырғанымыз сол еді: «Ағайлар, белдіктеріңізді тағыңыздар, онсыз қозғалмаймыз» деген жүргізушінің сыпайы даусын естідік. Қазір ғой, барлық жүргізушілердің белдік тағуды міндеттегені. Ол кезде бұл үрдіс әзірейілдей көрінетін. Біз де дереу тапсырманы тыңғылықты орындадық. – Көлігіміз зауытқа қарай аяғына жем түскен аттай болып жылжып келеді. «Айналайын-ай, аяғыңды бассайшы, айдалада маи да жоқ, бағдаршам да жоқ, – деді шыдай алмаған қонағымыз. – Ағалар, ренжімеңдер, жылдамдықты 70-тен асыра алмаймын, – деген жауап алдық. Міне, өндірістің тек сыртқы келбетін көру үшін қандай сақтық ережелерін оқыдық, түйдік. Ал енді өндірістің орталығына кіру үшін жақын шетелден келген қонақтың сақалымен қоштасқаны елдің ішінде аңызға айналып кетті. «ТШО сақал саудаламайды, қырып тастайды» деген әзіл әңгімелер осы тәртіпті талап етуден басталады. Мінеки, осы айтылған жай ғана мысалдардан нені түйіндеуге болады? Кәсіпорын ең алдымен адам өмірін, ал өнім өндіруді екінші кезекке қойды деп айтуға толық негіз бар. Мұнда адамдардың өнімді еңбек етуіне толық жағдай жасалған. Жайлы орын, тамағың, демалыс орындарын көрген адамдар таңдайларын тақылдатып кетеді. Бірақ «басы дыңылдап» келген қызметкерлер өз алдына, еңбек өндіріс тәртібін бұзған жұмысшыларға «сау бол» қағазы дайын тұратын көрінеді. Екіншіден, отандығы бар, шетелдігі бар кәсіпорындар техника қауіпсіздігі, еңбек тәртібі, жалпы адамдарды тәртіпке үйретуді осы ТШО-дан үйреніп, тәжірибе алмасуы қажет. Себебі, психологтардың пайымдауынша өндірістегі, яғни сегіз сағат бойғы тәртіп әбден санаға сіңіп, адамдар тұрмыста да осы тәртіппен жүреді. Мысалы, автокөлікті өндірісте белгілі деңгейде жүргізген адам жекеменшік автокөлігімен де сол жылдамдықпен жүруге дағдыланып алады. Сонымен қатар балаларына да осы тәртіпті үйретіп отырады. Ал осы жол апатынан елімізде қаншама адам өмірмен ерте қоштасып жатыр. Демек, осы өзекті мәселені ғалымдар болып көтерсе де артық етпейді. Ал ТШО-да осындай көпке үлгі болар игілікті істер жалғасын тауып жатыр.
Біздің отбасымызда үш адам бар.Олар --әкем,анам және мен.Әкем -дәрігер,анам-мұғалім.Мен сегіз жастамын.,Мен екінші сыныпта оқимын.Менің ата-анам мейірімді.Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз.Отбасымызбен бірге демалыста серуенге шығамыз.,әр мейрамды бірге тойлаймыз.Мен өз отбасымды жақсы көремін.Менің отбасым ең үлгілі отбасы.
Мен бұл сәтті асыға күттім. Алдында Пушкинге хат жаздым. Ол хат тек Сергейұлының шығармашылығына арналған және орыс тілінде болатын. Ал бұл хат шындық толы ақ қағаз болмақшы. Сіз сүрген дәуірден біздің дәуір айырмасы: біз тәуелсіздікке қол жеткіздік, бейбіт әрі тыныш ғұмыр кешіп жатырмыз. Әр дәуірдің өз кем-жыртық, кетік тұсы болады. Мен сіз қараңғылықтан шығар дұрыс жол – білім мен ғылым деп атап көрсеткеніңізді бойыма сіңіріп жатырмын. Ертең олар маған қолшам болатынына сенімдімін.
Біздің дәуір: тіліміз ақсаңдап жатқан заман, жетім үйі мен қарттар үйі көп болуымен жаныңды ауыртады. Қазақты қазақ тонап, қан қақсатып жатқан заман. Адамдар білім-ғылымға көңіл бөлгенімен, адамшылықтан жұрдай болған заман. Әз төлі өз бауыр етін өлімге қиған заман, ардақты ата-ананы жол бойына тастап кете берер қатігез заман – осындай аналар мен балалары бар заман. ... Абай ата менің қуанарым – сізді оқыған қазақ саны күннен-күнге еселеп келеді. (жоғарыда) ... атап көрсеткен қиындықтардың шешімі ... шығармаларыңыздың терең тұңғиығында жатқанын білеміз. ... Сол мұраңызды әр қазақ түсінсе, білсе деп армандаймын. Мені жетелейтін – осы, Абай ата. Қуанышым жақында орындалатынына сенімдімін.
Ұрпаққа жарасымды есім беру - қазақ халқында ежелден келе жатқан, ізі суымаған игі дәстүрі. Есімдер тек адамды атау не шақыру мақсатында ғана қолданылмайды.Адамның есімі арқылы оның қандай жан екенін де жобалауға болада деседі.Бір есімнің өзінде үлкен тарих,өнеге жатуы мүмкін.Қазақ халқындағы сондай есімдерге тоқталып өтсек. Қазақтың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлының азан шақырып қойған аты "Ибраһим".Ал Ибраһимге "Абай" деп оның тапқыр да шешен анасы Ұлжан еркелетіп атаған.Содан бері бұл есіммен Абай тарихта қалды."Абай" есімі қазақ халқында "абайлағыш,ойшыл" деген мағынаны береді екен.Ал оны "Телғара" деп жеңгелері атаған екен. Аты аңызға айналған Қорқыт ата есімінің шығу тарихы «Қорқыт ата» кітабында: «Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп,елдің зәресін қашырған күн болыпты» делінген. Халықты қорқытқан бала деп атын Қорқыт атапты десе, енді бір деректерде Қорқыт түбірі – құт - береке, байлық, ырыс мағынасында қойылған есім делінеді. Қорытындылай келе,"атына заты сай" демекші,бұл есімдердің иелері өздерінің ерекше есімдерімен ғана емес,дара тұлғасымен тарихта қалды дегім келеді.