Қазақ халқымыз үлкендерге құрмет көрсете білген.Ақсақалдарды құрметтеген.Яғни көп жасағандарды құрмет қылған.Ақсақалдар жастарға қараған жасы үлкендеу болғасын.Жастар оларды осы дүние жайлы ақпаратты көп біледі деп санаған.Осыған байлансысты əдет ғұрыптарда бар.Үлкенге құрмет кішіге ізет дегендей өзімізден үлкендерге құрмет көрсете білейік. ☆☆☆Қиын болмаса,Маған тіркелші ! Көмектесуге дайынмын ☆☆☆
Тақырыбы: Аққулы көлде
Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы колдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. Жаздың алтын нұры ойнаған күні еді. Көк мөлдір сулы аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кез еді.
Көлдің ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы -айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шалқыған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл арасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап меруерт, гауһар тізіледі..... Қап-қара жүнді, сыңқылдаған дауысты, ақ маңдайлы қасқалдақтар, қырқылдап ойнаған қоңыр үйректер, теріс аяқтар. Сусылдап ұшып-қонып ойнаған нәзік үнді, көк ала мойын, көк ала жібек құйрық сұқсырлар.... Маржан көз сүңгуірлер. Балаша жылаған ақ түсті гагралар. ... Қаңқылдап ұшып қонған қоңыр қаздар, шулаған шағалалар. Көлді айнала қорыған қара ала қанатты, әдемі айдарлы, шаршамайтын, саққұлақ қызғыштар. Көкке шығып, зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ, біз тұмсық тау құдіреттер, тағы да толып жатқан неше түрлі құстар көл басын сұлу күйлі думан қып жатты.(185 сөз)
Он сегіз, жиыр ма бір, он, үш, тоқсан, елу, бес жүз елу бес, сегіз жүз, алпыс төрт
<span>Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. Бекер қарап отырған жараспайды, Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай. Қайырмасы: Былтырғы мен биылдай, Қолда жоқтың қиыны-ай. Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. Жүруші едік той тойлай, Торғын белбеу бір байлай. Әдейі іздеп келгенде, Сөйлесейік ыңғайлай. Хат жазамын қолыма қалам алып, Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай. Сыбайласым кім болар деп жүргенде, Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай. Қайырмасы: Қалам алсам қолыма, қарысады, Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай. Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең, Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай. Халық әні Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының озық үлгілерінің бірі – «Беу, айдай» әні. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор. Ел арасына кең таралған әнде өмірдің өтпелі екені, сондықтан адам үшін сырласып, сыйласудың маңызды екені әсерлі беріледі. http://song5.ru</span>