<span>Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. Бекер қарап отырған жараспайды, Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай. Қайырмасы: Былтырғы мен биылдай, Қолда жоқтың қиыны-ай. Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние-ай. Жүруші едік той тойлай, Торғын белбеу бір байлай. Әдейі іздеп келгенде, Сөйлесейік ыңғайлай. Хат жазамын қолыма қалам алып, Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай. Сыбайласым кім болар деп жүргенде, Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай. Қайырмасы: Қалам алсам қолыма, қарысады, Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай. Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең, Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай. Халық әні Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының озық үлгілерінің бірі – «Беу, айдай» әні. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор. Ел арасына кең таралған әнде өмірдің өтпелі екені, сондықтан адам үшін сырласып, сыйласудың маңызды екені әсерлі беріледі. http://song5.ru</span>
1.Мына ауылға әрең жеттімғо. 2.Мына жер қауіпті әрірек жүріңдер. 3.Бұрын бұл жерде зәулім үйлер көп болған еді. 4.Біздің Арман батырларша киініп шықты. 5.Серік талап етілген ақшаны қолма-қол берді.