Менің болашақ мамандығым-дәрігер Менің болашақ мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі..Мен дәрігер болғым келеді,себебі адамзатқа көмектескім келеді.Дәрігер мамандығы өте жауапты . Мен оқуымды жақсы оқып дәрігер мамандығына ие болуға тырысамын.
Мен биология панын суемын.биология панынде мен коп жаналыктар билемын.осымдыктер,жемыс-жидектер туралы танысамыз.ауа раиы туралы уиренемыз.
Бір жылда төрт жыл
мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз
ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі –
көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай
көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні
«Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің
мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа
жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар.
Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен
біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз
ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық
– денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз
өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр
үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем
айын жақсы көремін!
Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай.
Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,— дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
— Мүмкін емес,— дейді.
— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
— Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.