Менің отаным-Қазақстан . Қазақстан кең байтак жер ,шексіз өлке . Әр адам өз отаның қадірлей білу керек, мен де өз отанымды қадірлеп әлемге танытуға тырысамын. Қазақстан өтәуелсіз ел.Біздің отанымыздың туы көкте желбіреп тұр сондықтан оны күрметтеу керекпіз.
Біздің асхана кен. Ол екінші қабатта орналасқан. Біздің мектептін асханасы таза әрі әдемі. Оның ішінде көптеген астар, тағамдар, сусындар, тәттілер бар.
Көптеген мейрамдарды бәріміз сонда өткіземіз.Маған біздін асхана өте ұнайды.)))
Сотқар мысық
Біздің үйімізде кішкене мысығымыз бар. Бәріміз оны жақсы көреміз, өзі сондай сүйкімді, ойнағанды жақсы көреді. Енді бір күні мысығымыз не істеді десеңізші? Анам жұмысқа кетерде кешкі тамақ әзірлеуге мұздатқыштан балық шығарып кетпей пе, кешке дейін жібіп тұрсын деп. Сөйтіп, мен сабақтан ерте келіп кешкі ас дайындамақ болсам, әлгі сүйкімді мысығымыз жібіп тұрған балықты жеп қойыпты. Не күлерімді, не жыларымды білмей, ақырында басқа тамақ әзірлеуге тура келді. Бұл оқиға біразға дейін есімізде қалатын болды. Содан бері мысығымыздың екінші аты "сотқар мысық" болды.
Қалада
Менің ағам мен жеңгем қалада тұрады. Демалыс уақытында мен үнемі қалаға қыдырып, демалуға барамын. Үлкен қала болғандықтан, қашанда көлік қозғалысы көп болады.
Қалада қыдырған маған ұнайды, себебі онда неше түрлі саябақтар, көрмелер, мұражайлар көп. Барған сайын міндетті түрде мұражай немесе көрмеге барып қайтамын. Сонымен қатар маған қаладағы үлкен сауда орталықтары ұнайды - онда киім - кешектен бастап ойыншыққа дейін бәрін сатып алуға болады. Дүкен аралап жүргенде қарның ашып, шаршасаң, тамақтанып демалып алуға болады.
Дегенмен, менің тұратын ауылым өзіме ыстық!
Біздің мектепте әр сыныптың өз кабинеті бар.Кабинетте парта орналасқан,партада оқушылар отырады.Кабинетіміз әсем гүлдермен безендірілген.Артқы жағында кітап жинайтын жиhаз сөрелер бар.Оқушылардың алдында тақта тұрады.Мұғалімнің үстелі оқушыларға қарама-қарсы қойылған.