Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.
1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады. 2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді. Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді. Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады. Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.
<span>Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар! </span>
Ұлы Жібек жолы арқылы жердің түкпір түкпірінен келіп сауда жасаған.Ұлы Жібек жолының Қазақстаннан өткен жері Сауран қаласы болды.Жібек жолындағы даңқты қала ол Отырар болды.Жалпы бұл мəтіннің мəні Ұлы Жібек жолы-сауда жəрмеңкелердің басты жері болды.