Надо переписать в тетрадь например Нанды ал -возьми хлеб
<u>Мәтін</u>
<u>Бәйге.</u>
Бәйге – ұлттық ойындардың ішіндегі ең маңыздысы.Жылқы болған жерде бәйге де бар. Қазақ танымында бәйгенің көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: аламан бәйге, үдемелі бәйге, айғыр, тай, құнан, жорға жарыс, т.б.Бәйге – біз біле бермейтін этнографиялық мазмұн мен бай дәстүрге ие. Бәйге өткен заманда үлкен-кіші ас-тойларда ұйымдастырылып, даулы мәселелер туындамас үшін бәйгенің билігі беделді ақсақалдарға жүктелген. "Бәйге ат мүсінін жасырады" демекші,бұл жерде аттың сұлулығы емес,жылдамдығы,ептілігі сыналады.Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді.Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс.Бірінші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға,қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.
Бәйге бүгінгі күні де жалғасын табуда.Әсіресе, дүбірлі мерекелерде,әз Наурызда бәйге жарысы ұйымдастырылып тұрады.
Создерди тасымалдап жазу керек.Мысалы:ко-гер-шин деген сиякты
Жексенбі күні- бәріміз үйдеміз. Таңғы астан соң үйге ағайындарымыз келді. Оларға есік алдында отырғызылған жеміс ағаштарын көрсеттік. Бәріміз төмендегі сайда серуендедік. Демалыс жақсы өтті.
Мен кино көргенді ұнатамын.Кино адамды әр түрлі бағытта тәрбиелейді. Кейбір кинофильмдер адамдарды қатал, аяусыз болуға үйретсе, енді бірі мейірімді, адал, жанашыр болуға үйретеді. Қазіргі кезде сан түрлі кинофильмдер бар. Мысалы: үнді телехикаялары, сонымен қатар кореяның телехикаялары көп.Балаларға да арналған кинофильмдер көп.Қандай кинофильмдер болса да барлығының соңында тек әділдік жеңіске жетеді.Мен ойлаймын, осы көрсетіліп жатқан кинофильмдер міндетті түрде өмірден алынады деп.