Осы ш алып тур
Откен ш алды
Келер ш аламын
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
Қайрат Ноғайбайұлы РысқұлбековҚызметі:
Желтоқсан көтерілісініңқаһарманы
Азаматтығы:
 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Ұлты:қазақ
Қайтыс болған күні:21 мамыр 1988
Қайтыс болған жері:
Семей, ҚазКСР, КСРО
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісініңқаһарманы.[1]
Өмірбаяны
1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле биауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.
1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.
Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісінебелсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.
Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Жетістіктері
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.
Біздің еліміздің әр қаласының, әр аймақтың өз дәсүрлері мен диалектісі болады емес пе? Батыс, ОҚО-ның салттарының ұқсастығын байқадым. Иә, иә, сәлем салу дәстүрін меңзеп тұрмын. Жалпы, біз сәлем салуды көрген емеспіз, үйренген де емеспіз ғой. Орталықтың дәстүрін айтамын да... Кейде Атырау немесе Шымкенттің адамдарымен осы тақырыпта әңгіме айтқан кезде, бізді тіпті беташарда сәлем салмайды деп ойлайды екен. Жоқ, біз де сәлем саламыз, бірақ беташарда ғана. Ал келін болып түскен соң, әрине басымызға орамал тағамыз, ал сәлем салу дегенді біз жақта үлкен кісілердің өздері біле бермейді... Сәлем салу өте әдемі деп естіп жатырмын. Біз көзбен көрмеген соң, ол сәлемді қалай және қай уақытта салу керек екенін білмейміз. Ата-енемен амандасқанда, кәдімгі өз әке-шешеңмен амандасқандай беттерінен сүйіп, құшағымызға аламыз. Кейбіреулер бізді "сәлем салмайды екенсіңдер, демек қазақтың салтын білмейсіңдер" деп айыптайды. Олай емес, мүлдем олай емес!!! Орталықта да қазақтың барлық салт-дәстүрі сақталған. Беташар, шілдехана, тұсау кесу, сүндетке отырғызу тағысын тағылар. Біз салттан жұрдай емеспіз дегім келеді.
<span>Толығырақ: </span>https://massaget.kz/blogs/460/
<span>Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз</span>
Балапан қанат қақты...
Жас едi. Қанаты да қатып жеткен жоқ едi. Амалсыз қақты.
Солтүстiктiң суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегiне жеттi. Ызғар өкпесiне өттi.
Ұшып орманға барып едi, күнi кеше күбiрлесiп, күлiмдесiп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып едi, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебiнiн жамылып, тоғай тұрмады.
Балапан баспана таба алмады.
Балапан қанат қақты...
Аштан өлетiн болды. Ойды-қырды қар басқан. Бiр қылтанақ таба алмады. Тоңып, дiрiлдеп, аласұрып жүрген балапанды көрiп: “Қорама кiр, қолымда тұр, қалған-құтқанымды берермiн”, — деп күледi солтүстiктiң салқын жүрек, тас бауыр адамы!
Балапан қанат қақты...
Ойы — жандәрмен жылы жаққа жетпек, егiз Есiл — Нұраның тәттi суларынан iшiп, Аралдың ыстық құмын құшпақшы. Терең Балқаштың мөлдiрiне шомылмақшы. Алтайдың етегiнде “уһ” деп демiн алып, Марқакөлдiң қаймағында жүзбекшi.
Балапан қанат қақты...