Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым. Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім. Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп, бұзау айдап, құрт жасап және сиыр сауып үйрендім. Терілген өрікті күн көзіне жайып, қақ жасаймыз. Ауылда жұмыс көп. Мен ауылды өте жақсы көремін. Ауылда адамдар еңбекпен көп шұғылданады. Менің төрт бауырым бар. Олардың жастары менен кіші. Мен ең кіші сүйкімді інім Ахметті жаз бойы қарадым. Ол жеті айлық. Анама бала қарауға, жаялық жууға, үй жинауға жәрдем етемін. Анам - мұғалім, әкем - қызметкер. Олар әрқашан жұмыста, оқуда. Маған анам айтады: «Сен үйдің үлкенісің бауырларыңа мейіріммен қарасаң, олар өскенде саған өте мейірімді болады», дейді. Мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, маған анам Джеймс Гринвудтың «Өгей шеше» атты кітабын әперді. Кітап маған қатты ұнады, жылағым келді. Себебі, кітап өте аянышты. Өйткені, өгей шеше баланы қатты қинайды, ұрады, тамақ бермей қояды. Бір күні кішкене қарындасын құлатады. Өгей шеше ұрады, бала қашып кетеді. Баланың қиыншылық көргендері суреттеледі. Мен кітапты оқып бітірдім. Міне, біз Ақтау қаласына да келдік. Жазғы демалысым мен үшін өте қызықты өтті. Сабақ басталады, енді сабаққа дайындалу қажет. Мектептегі достарымды сағындым.
Әке, біз ертең саяхатқа шығамыз, саяхатқа шыққанда не алу керек?
Саяхатқа шыққанда жолдорба, шатыр, төсекқап алу керек, балам.
Біз 6-8 күнге барамыз, қандай жолдорба алсам дұрыс болады?
6-8 күнге баратын адам үлкен жолдорба алғаны дұрыс, бұл алып жүруге ыңғайлы, әрі көп зат сияды.
Ал, шатырдан ше?
Шатырды таңдағанда - ең маңыздысы салмағы. 3-4 адам сиятын шатырдың салмағы 3-7 кг аспағаны жөп. Неғұрлым жеңіл болғаны абзал.
Төсекқаптың қандайы алғаным жөн?
Ауа-райы жауынды болуы, салқын болуы, желді болуы мүмкін, сондықтан жел кірмейтін, су өтпейтін, жылысын таңдағандарың жөн.
Менің əжем тоқыма тоқығанды жақсы көреді.Бүгінде əжем маған арнап күртеше тоқып отыр.Оның қасында мысығым жіптерімен асыр салып ойнап жүр.Мысығым жіппен лйнағанды ұнатады.
сайт-біріктірілген компьютер желісіндегі жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар жиынтығы.
ғаламтор-компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды байланыстыратын ғаламдық тор.
Виртуал-іске асу аспауына қарамастан ойда болатын тілдік жүйе элементі.
ресурс-процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйе.
менеджер-жалдамалы басқарушы,өндірісті ұйымдастырушы маман.
А.с. республика
І.с. республиканың
Б.с. республикаға
Т.с. республиканы
Ж.с. республикада
Ш.с. республикадан
К.с. республикамен