Табиғат өте тамаша.Таулар,тоғайлар, өзендері, қоршаған айналамыздың бəрі қаншалықты көз тартымды.Бірақ өкінішке орай тоғайларды жаппай шауып,теңіздер,көлдер ластануда.
Сондықтан табиғатты қорғайтын қоғамдар құрұлуда.Олардың мақсаты табиғатты сақтау.Менде жаным ашып барлық адамдарды шақырамын "Табиғатты аялайық ".
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.
<span>Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. </span>
<span>Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі. </span>
Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.
Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
<span>Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.</span>
Сыйлау,құрметтеу,қастерлеу,ардақтау,құрмет тұту
Сән-белгілі бір салада танымал, белгілі бір дәм немесе стильдің Үстемдігі. Мысалы, дайын киім тігу саласында. Сән өтпелі, яғни ол өзгереді. Бүгінгі күні жарқыраған жолақтары бар пуховые курткалар сәнді. Ал ертең сән өзгереді, дайын суреттер мен бұйралары бар сәнді пальто болады.
Мысалы, кейбір маусымда халық арасында классикалық киім стилі танымал. Ақ жағалар, костюмдердің қатаң белгілері, қара юбкалар, барлық жағынан айқын және ұқыпты! Ал басқа маусым қиял немесе романтикалық стильді ұсынады. Мұнда қала көшелерінде желге шілтерлер мен рюшалары бар кең юбка, блузкалардың мөлдір жеңдері жаппай дамиды. Көрініс тігілген корсеттер мен кестеленген күртешелерде, керемет қалпақшаларда, түрлі-түсті қылқаламдарда тоқтатылады.