"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, "Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ" -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Осының бәрі "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі . "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын✌️✌✌✌
Өнерлі өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
Өнерлінін өзегі толмас .
Өнер көзі халықта.
Өнер алды, қызыл тіл.
Ақыл көпке жеткізер,
Ақыл көкке жеткізер
Əр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.
Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.
Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...
Білім беру, неміс театрі, этностік тіл