Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Каламымды кайыр
асай корме кардан
уйдин ишин жинас
мингизейин саган ат
тайынды туса
Бір түлкі жүгіріп жатып,абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. -Ей, түлкі батыр,не қылып тұрсың? - депті. -Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әрі сусап,әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті. Мұны естіп ешкі: "Мен де салқындайын,әрі су ішейін", -деп ойлап,секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі секіріп,ешкінің үстіне мініп,онан мүйізіне шығып,ырғып далаға шығып,жөніне кетіпті. "Өтірікке алданба,басың бәлеге душар болар" деген осыдан қалыпты.
Сағаттын 3 тілі болады. Оның қысқа тілі сағатты, Ұзынырақ тілі минутты, ал одан ұзын тілі секундты көрсетеді.
Көрсетті, хабарлады, қызмет көрсетті, қарсы алды, өлшеді, тексерді, ұшаққа отырғызды, құжаттарды көрсетті, тапсырды, рұқсат алды, қамтамасыз етті, шығарып салды, анықтады, ескертті, тыйым салды,толтырды, тасымалдады, <span>беыйым салу тусинбедім, толтырды тасымалдады берді, келді</span>