Әділ айтқан жеңер.
Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың.
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Әділдіктен қашпа.
Әділет бізден, төрелік көптің хақы (Төле би).
Әділет қылышы кескен қол ауырмас.
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.
Әділ іс ағын судың арнасыңдай.
Әділ сөз болат семсер алмасындай.
(Шораяқтың Омары).
Әділ істің арты игі.
Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
<span>Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.</span>
Қазақ халықтарының салт – дәстүрлерінің ішіне кіретін ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі маңызы мен үлесі бағытында орындалған. Қазіргі заманның ағымына байланысты ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық ойындарының мән мағынасы, шығу тарихы баланың рухани және дене тәрбиесіне беретін мол әсері жайлы мәліметтер жиналған. Жеке тұлғаның тәрбие негізінде табиғатқа, салт-дәстүрге деген адамгершілік эстетикалық сезімі бар адам тәрбиелеуге көңіл аударылған.
Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны –сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар:құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді.Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқай асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
Адемi кала, кiрпештi кала; тус кору, тус кезi, кызыл тус; булактын козi, кара коз; камыр илеу,кумырсканын илеуi: кус канаты, арман канаты, кулакпен есту, кулак жару
Менің үйім Қостанай қаласындағы Летунова көшесінде орналасқан. Менің үйімнің қасында спорт сарайы бар,жақында қасыннан драма театр салынған. Театрдың жанында фонтанмен безендірілген алаң бар.Ол өте әдемі көрінеді. Менің үйім кірпіштен қаланған.Мен үйде әкеммен, анаммен тұрамын.Менің үйімде кішкентай 3 итім бар, олар менің бөлмеге тастап кеткен аяқ киімімді тасығанды ұнатады
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!