1. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке
2. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
В) Қайраткер
3. Буын үндестігіне бағынбаыңыз.
Е) Қолөнер.
4. Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
Е) –тар, -тер
5. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
С) Ғарышкер.
6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.
Д) Көкшетау, Екібастұз.
7. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
С) Буын үндестігі.
8. Үндестік заңындағы үндестіктің атауларын көрсетіңіз.
А) Буын үндестігі, дыбыс үндестігі
9. Буын үндестігі заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
С) Отбасы
10. Үндестік заңы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
В) 2
11. Буын үндестігіне қарай жалғанатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
Е) –дар, -дер
12. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.
С) Жеңімпаз.
13. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
Е) билік, әділдік
14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
С) ақбөкен
15. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Біраз.
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
Д) Ағаштікі
17. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Қаламгер, баламен.
18. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.
Е) таудікі, даланікі, жұрттікі
19. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
Д) Қарашашпен.
20. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
В) –кеш.
21. Буын үндестігін тағы қалай атауға болады, табыңыз.
Д) Сингармонизм.
22. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кәсіпорын.
23. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
А) Көкқұтан.
24. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.
С) –паз.
25.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
В) Түйеқұс.
Әркімнің өміріндегі ең маңызды тұлға - Мен әкемді ойлаймын. Ол бала біледі бәрін үйретеді, тәрбиелейді болды. Әкесі - қорғаушы, қолдау болып табылады. Ол әрқашан, кеңес бере көмектеседі, оның иық толтырады болады. Бұл олардың проблемаларын, күні туралы әңгіме шешу үшін әрдайым мүмкін үшін. Ол мақтан, сендермен бірге зардап шегеді сіздің жетістіктерін ие болады.Әкесі - батыл, ақылды, қамқор ұстазы. Онымен, тас қабырға іспетті. Ол махаббат қорғайды.Өкінішке орай, жоқ әрбір бала әкесі бар.
Ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге: - Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. - Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып: - Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір: - Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға: - Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай: - Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды. Сонда әкесі: - Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді. Бала бармақшы болады да, әкесінен: - Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды. - Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға: - Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге: - Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді. Сонда кемпір: - Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді. Сонда бала: - Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді. Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге: - Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп: - Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір: - Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді. Сонда түлкі: - Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға