возможно этот но это не точно
Наурыз – Шығыс халықтарының ұлттық мейрамы. Наурыз парсы сөзі. «Нау»- жаңа, «рыз»- күн деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы Наурызды жылдың басы деп біледі.
Наурыз мейрамы наурыз айының 22-сінде тойлайды. Бұл күні, күн мен түн теңеледі. Наурызға дейін адамдар үйлерін, қораларын, ауласын тазартады. Наурыз күні адамдар таза, жақсы киімдерін киеді.
Наурыз қазақ ұғымында жаңа айдың, жаңа тілектің басталатын күні деп есептеледі. Сондықтан әрбір үй өз қолындағы барын салып, Наурыз көже жасайды. Барлық үйде қазан асылып, ет пісіріледі. Содан соң сорпасына жеті түрлі тағам салады.ол: тары, арпа, бидай, су, тұз. Бұршақ қосылады. Ежелгі түркі халықтарының ұғымында жеті киелі сан. Сондықтан Наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Дастарханға қазы, шұжық, әрәмшәк, май, жент қосылады. Бұл дәмнен барлық ел ауыз тиеді.
Бұл күні барлық адам біріне – бірі қонаққа барып, ақ тілегін айтады, көңілді өткізеді. Қыдыр ата жүреді. Жақсы тілектерін айтады, сыйлықтарын береді.
Наурыз күні ұлттық ойындар ойнайды. Өнер адамдары таңертеңнен кешке дейін өнер көрсетеді.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.
Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы¬ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады
1) Бүгін менің туған күнім. 2) әпкем екеуіміз дастарxан жайып жатырмыз.3) маған көп қонақ келеді, туысқандарымыз, көршілеріміз және достарымыз. 4) олар маған көп сыйлық сыйлайды. 5) Туған күн жылына бір рет болатыны өкінішті.
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды. Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру.