<span>Мынау-менің (болмем). Бөлмеде (еки) терезе, (бир) есік бар. Үстелде компьютер (тур). Еденде әдемі (килем) жатыр. Менің бөлмем (таза) және (адеми ).</span>
Боксшылар Серик Сапиев , Бекзат Саттарханов. Олар биринши орын алып, женип Казакстаннын туын котерди
-Салем!
- Салем!
- калын калай?
- жаксы, бырак козым ауырып жатыр.
-неге?
-кеше тунгедейын Facebook та отырдым.
-Facebook деген жаксы,ал денсаулык бызге керек,сол ушын тунгедейын Facebook та отырма!
-Саубол!
-Саубол!
Ответ:
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Емделуші: Жақсы, көп рахмет, дәрігер мырза.
Дәрігер: Сау болыңыз, ауырмаңыз.
<span>Қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының алар орны ерекше. Халкымыздың талай-талай айтулы ақындарынан Абайдың жолы-жөні бөлек, парасат-пайымы кең, өресі өте биік. Оның әрбір сөзінің кең мағынаға толы екендігі дәлелденіп болғандай. Қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, әсем сурет, бейнелі де, кестелі мағына-көріністі көресің. Түпсіз терең түңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, келе-келе тұла бойыңды тұтас билеп кететін бір тылсым, құпия сиқыры тағы бар.“Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің” деп атамыз қазақ айтқандай, бала Абайдың, жас Абайдың тәлім-тәрбие алып, үлгі-сөзін естіп өскен екі шешесі болған. Әңгіме-аңыздың көл-дариясы, аяулы әжесі – Зере де, екіншісі – өз туған анасы – Ұлжан. Әкесі Құнанбай өз заманының айтулы ел басқарған, аға сұлтаны болып, заманында азулы, қаталдығы мен әділдігі қатар, оңы мен солына бірдей, Аллаһтың ақ жолымен жүруді қолдап, мешіт ашқан. Қажылыққа барып, Меккеде тәкия (қонақ үй) салдырған.Абайдың өмір сүрген заманы да оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Орыс шаруаларының жер жыртуы, жаңаша оқу, сауда-саттық, алыс-жақын шет жерлермен түрлі мақсаттағы қарым-қатынас жасау дамып келе жатқан. Жаңа сипаттағы қиын бір кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты. Ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқандай, ел іші “алтыбақан алауыз” болатын. Абайды он жасқа келгенде әкесі Семей қаласыңдағы діни оқу орындарына, алғашқыда Ғабдулжаппар молдаға берген, кейінірек Ахмет, Риза деген молдаға тапсырған. Абай медреседе үш жыл оқиды.Ұлы ақын жас кезінде болыс та болды, ел де басқарды, есейе келе өлең жазумен, ойына келгенін ақ қағазға түсірумен айналысады. Абай бізді нәзік өлеңімен де, кесек-кесек пәлсапалық ой-пікірімен де, сұлу сазды әуендерімен де бірде қанаттандырса, бірде ойландырады. Абайдың ұлылығы мен кемеңгер данышпандығы да осы болса керек!</span>