Болатын
мағлұматтар іздеу ге
өзіңе керекті заттарды үйренуге
болмайтын
біреуді балағаттап жазуға
өтірік мəлімет беруге
Мекенім.
надо только один ответ?
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат
баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен
бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9\%
осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін
бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан
аумағының 3,8 \%-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030»
стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 \%-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі
жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын
алды. Бұл өрттердің 70 \%-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт
4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50
мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең
ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан,
Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы
500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық
таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері
көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су
ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы
жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп
ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі
өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық
бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Үйлену Тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұзатылатын қызға міндетті түрде отау (киіз үй) тігіп беретін, яғни жігіт әйел алып, неке құрумен бірге үйлі болып бөлінетін. Сондықтан да осы қуанышқа байланысты ұйымдастырылатын мереке Үйлену тойы деп аталған. Оның барысында түрлі жосын-жоралғылар (қ. Беташар; Той; Салт-дәстүр) жасалып, тойшылар рухын, көңіл-күйін көтеретін бәсеке, сайыстар, сауық думандар өткізілген (қ. Ұлттық ойындар). Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Олар ұрпақ болашағын, келешегін ескеруден туындаған. Ата-ана екі жасты үйлендірмес бұрын жігіт қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруін, жастарының ерекшелігін ескеріп отырған. Үйлену тойы алдында құда түсіп, жаушы жіберген. Құда түсу, ұрын тойын өткізген. Құдалар бір-біріне есік көрсеткен. Қалың малын алып, жасауын берген. Қыз ұзату тойынан кейін Үйлену тойы, яғни келін түсіру тойы өткізілген. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шашу шашып қарсы алған. Кімде-кім көш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып ауылға жетектеп енсе, “мұрындық апа” атанып, тиісті сыйлығын алған. Ауыл адамдары жүкті түсіріп, ақ отауды әке үйінің оң жағына тігеді. Мұнда жас отау шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау дайын болған соң, ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келінді шымылдықпен бүркемелеп, ана-енесінің үйіне түсіреді. Жас келінді босағадан оң аяқпен аттатқызып, үш рет сәлем бергізеді. Ошақтағы отқа май құю рәсімі жүргізіледі. Келінді қарсы алған қыз-келіншектерге түрлі сыйлықтар (жүзік, білезік, т.б.) үлестіріледі. Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата бергенде ақ отауға сыбаға жіберіледі. Жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Беташардан соң сауық-сайран басталады. Тойдан соң құдаларға киіт кигізіп, ат мінгізіп құрметпен шығарып салады.
-Сәлем
-Сәлем!!Достым,сен Қазақстандағы облыстар мен қалалар жайында не білесің?!
-Қазақстанда 87 қала бар.Мәселен,Алматы қаласы.Ол сондай керемет қала.Табиғаты әдемі,сұлу қала.Қазір де жастар Алматыға білім алуға келеді.Себебі мұнда колледждер мен университеттер өте көп.Ал сен қандай қаланы айтар едің?!
-Мен Абай мен Мұхтардай әйгілі адамдардың туып өскен жері Семей қаласын айтқым келеді.Семейде Катонқарағай дейтін керемет жер бар.Ол табиғатты Алтай табиғат кешені деп те атайды.Ол жерде маралмен адамды емдиді.Семей-әлемдегі ең алып шаһарлардың бірі.Менің әкем Семей қаласынан?!Ал сенің әкең ше?!
-Расында Семей ұлы адамдардың мекеніндей,керемет қала екен ғой!! Менің әкем таза қалалардың бірі болып табылатын-Орал қаласынан.Оралдың Мұғалжар атты ытауынан неше-түрлі қазба-байлықтар алынады
-Керемет.Негізі Қазақстанда көріксіз қала-облыстар жоқ.Бәрі шетінен әдемі,таза!!