Ответ:
Қазақ халқында табалдырық - қасиетті ұғым.
Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы .
Байлық пен кедейліктің де шегарасы.
Табалдырық - бақыт пен жақсылықтың қарауылы.
«Табалдырықты баспа, бақыт қашады»,
«Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты
қайтарма»,
«Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген ты-йым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық – бақыттың белгісі.
Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың,
құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде,
жақсы ырым жасалады.
Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» - деп
кіргізеді.
Объяснение: