Қазақстан жаңалықтары
Toggle navigation Cұрақ-Жауап сайты
Сұрақ-Жауап іздеу
×Close Сайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!
Құстардың қысқы тіршілігі туралы шығарма жазу?
0
0
19.8k қаралды
Құстардың қысқы тіршілігі туралы шығарма жазу? Осы секілді шағын құстар тақырыбында шығармалар бар ма?
Қыс мезгілі суық болады.Жердің бетін аппақ қар басып кетеді.Қыста құстарға азық табу қиын.сондықтан олар қыс кезінде адамға жақын жүреді.Құстарға жем шашуды ұмытпау керек.Қүстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар бау -бақшаларды,егінді,ағаштарды қорғайды.Сондықтан құстарды қамқорлап ,қорғап жүрейік.
Менің отбасымда бес адам бар. Әкем, анам, екі інім, бар. Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз. Менің ата-анам менің біліміме риза. Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым. Менің ата-анам мейірімді. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мен анама үй жинасуға көмектесемін, ыдыс жууға көмектесемін, інілерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын. Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды және де әр туған күнді бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым ең үлгілі отбасы. Атам-әжем менің әкемнен басқа балаларымен және немерелерімен бірге тұрады. Атам мен әжем маған ақылдарын айтып, әрқашан мейірімді, сыпайы бол,-дейді. Мен үлкен адамға, жол беремін. Мен әжемнің арқасында барлық әдептілік пен әдемілікке үйрендім. Мен атам мен әжемді жақсы көремін. Демалыс күндері бауырларыммен бірге ата-әжемнің үйіне барып тұрамыз. Демалыс күндерде інілеріммен далаға шығып ойнаймыз. Мен өз отбасыма ризамын. Әкем мен анам және бауырларым ауырмасын, аман болсын деп тілеймин. Менің отбасымды мақтан етемін.
Қоғамдық орында да бірнеше ережелер ұстанған жөн. Солардың бірі ұялы телефонға байланысты. Қарастырғанда: қазіргі заманда вай-фай қоғамды аймақта қол жетімді, осыған орай ұялы телефонды қолдануға болады. Әдетте, біреуге зиян келтірмей өз қызығушылығыңа баулынбай, қарапайым режимде ұялы телефонды ұстанған дұрыс деп санаймын.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразияконтинентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.
Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.