Менің білуімше, біздің әлеміміз жаһандану үрдісін басынан кешіріп жатыр. Жаһандану - алмасу, технологиялық жаңалықтар және Интернеттің қосындысынан пайда болған. Алайда, ғалымдардың айтуынша, бұл үрдіс нәтижесінде түрлі елдер мен халықтар өз тілдері мен дәстүрлерін ұмытып, басқа мекеннің құндылықтарына ауады. Сонда, кіші мелекеттер мен этно топтар өз тілін үлкен, алып "ағылшын" сынды тілдерден қорғау үшін не істеу қажет? Әрине, өз құндылықтарын сақтауға тырысып, салт-дәстүрлерін жаңа ұрпаққа тарату қажет.
Ал саяхатшылар мәселесіне келетін болсақ, олар өзге елден келген қонақтар. Біздің міндетіміз - оларға еліміздің бар әдемілігін көрсету. Бірақ, оларда да біршама міндеттемелер бар. Мысалы, егер Араб Әмірліктерінде ашық-шашық киінуге тиым салынса, бұл заңды қаралауға болмайды. Әйтпесе, тәртіп сақшылар сізге айыппұл төлеткізуі мүмкін. Келесі міндеттеме - қонақ болып келген елдің салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті. Бір топ ағайын ән салып тұрса, оларға безеріп қарап, жамандауға саяхатшылардың моральді құқығы жоқ деп ойлаймын. Ал енді соңғы міндеттеме - елдің салт-дәстүрін сақтау. Бұл негізі саяхатшының өзіне де біршама пайдалы болады. Өзге елдің салтын білгеннен, ешкімнің миы толысып кеткен жоқ деп ойлаймын. Сол себептен, Қазақстанға келген саяхатшылар біздің тарихты, өнерді және сал-дәстүрлерімізді білу қажет.
Біз жақында "Ана-өмір шуағы" деген тақырыпта шығарма жаздық. Бұл жан шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!
Бауыржан Момышулы (1910-1982) - Екінші Дуниежузілік соғыстын данқты жауынгері , қақактын корнекті жазушы.
А.с тіл байлығы; алтын бесік.
і.с тіл байлығының, алтын бесіктің.
б.с тіл байлыққа, алтын бесікке
т.с тіл байлықты, алтын бесікті
ж.с тіл байлықта, алтын бесікте
ш.с тіл байлықтан, алтын бесіктен
к.с тіл байлықпен, алтын бесікпен
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904,Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12.1.1985, Алматы қаласы) –әдебиеттанушы, өнертанушы,шығыстанушы, Ұлттық археологиямектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филологияғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасыныңбіртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді