һ-жиһһаз (так как нету на эту букву слов)
<span>Шайбалы хоккей ойналатын мұз айдынының Ұзындығы 51 — 61 м, ені 24 — 30 м, айнала шетінің биіктігі 1,10 — 1,22 м етіп қоршалған алаң. Алаңның дәл ортасынан қызыл сызық (ені 30 см), әр қақпадан 18 м қашықтықтан көк сызық тартылады. Қызыл сызық алаңды екіге, көк сызық үшке бөледі. Көк сызықпен бөлінген алаңының екі шеткісін қорғаныс алаңы, ортаңғысын орталық алаң дейді. Қақпа сызығының дәл ортасына ені 183 см, биіктігі 122 см қақпа қойылады. Ойын үш кезеңде (әр кезең 20 мин.) өтеді</span>
Адамның өмірінде ең қасиеті де тәтті нәрсе ананың ақ сүті. Ананың ақ сүті арқылы ана тілімізді танимыз, ана тілінде сөйлейміз. Өз ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылдық пен мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің өлшемі болып табылады, -дейді анам. Олай болса өз ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүюге біз міндеттіміз. Халқымыздың тәуелсіздігінің де ең басты белгісі ана тілінде екендігін біз білеміз. Олай болса біз неге өзге тілде сөйлеу керекпіз. Мен өз сыныптас достарымның үзіліс кездерінде немесе мектептен тыс кездерді орысша көп сөйлейтініне қарсымын. Өзім де тілімді шұбарламауға әрекет жасаймын. Еліміздің тәуелсіздігінің ғұмыры ұзақ болсын десек құрметті анамыздан, ана тілімізден бастасақ бізден жаман ұрпақ шықпаса керек.
«Өмірде ана-бұлақ, ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,-
деп ақындарымыз жырлағандай туған анамыз бен туған тіліміз біз үшін ең асыл да ардақты.
1 Туган жердей жер болмас,туган елдей ел болмас
2 Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — ұжмақ.
"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".
Бақа батпағына, балық көліне.
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
Дарақ бір жерден көгереді.
Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.
Ерінбеген елге жетеді.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Жат жерде жаның қиналса —
ел қадірін білерсің.
Жұтым суға зар болсаң —
көл қадірін білерсің.
Жат жердің қаршығасынан,
өз жеріңнің қарғасы артық.
Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.
"Тіл-ақылдың өлшемі" демекші,сенің сөйлеу тіліңнен сені танып,білуге болады.Сондықтан да,өз қазақ тіліңді шұбарламай әдемі сөйлеуге тырыс.
"Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді" деп дана халқымыз айтып кеткендей,ана сүтімен өскен сен келешекте ары қарай даму,өркендей түсу үшін туған тіліңді меңгеруің қажет.
Әрине,қазірге таңда бәрі де көп тіл біліп,оларда еркін сөйлегілері келеді.Алайда бұл жерде туған тіліміздің қандай мәртебеге ие екенін ұмытпағанымыз жөн.Себебі,ата-бабамыз "ана тілің алпыс тілге татиды" деп бекер айтпаған деп білемін.
"Тілі өлген ел - тірі өлген ел" дегендей,қазақ тілін өзің ғана меңгеріп қана қоймай,өзгелерді де шақыр,баулы.Себебі,тіл елдігіміздің айғағы,алтын қазынамыз.
"Туған ел-тұғырың,туған тіл-қыдырың" демекші,өз ана тіліңнің қадірін біл.Туған ел мен туған тілдің бір ұғым екендігін ұмытпағайсың.