Сен нешінші сыныпта оқисың?
Мен жетінші сыныпта оқимын.
Сендердің мектептерінде қандай тілдерден оқытады?
Біздің мектепте қазақ тілінен, орыс, ағылшын тілдерінен оқытады.
Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
Қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет болады.
Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?
Қазақ тілі сабағы қққызықты өтеді?
Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқып, мазмұнын айтамыз.
Тағы не істейсіңдер?
Сабақта біз диктант, мазмұндама, шығарма жазамыз.
Сабақта не істеуге тырысасыңдар?
Сабақта көбінесе қазақша сөйлеуге тырысамыз.
Қазақ тілі сабағы саған ұнай ма?
<span>Қазақ тілі сабағы маған ұнайды.</span>
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.[1]
Ата шай ішініз
Жарайды балам