Менің атам маған жақсы кеңес берді
Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде...
Түлкі:
- Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.
Қасқыр:
- Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!
Түлкі:
- Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.
Түлкі:
- Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап,
Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.
Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;
- Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді.
Түйе:
- Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.
Түлкі:
- Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.
Түйе:
- Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.
Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.
Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.
Қасқыр:
- Жеме, Аю ұрсады.
Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып:
Аю:
- Ішек қайда? Деп ақырады.
Түлкі:
-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен - өтірік.
Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.
Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:
Аю:
- Ет қайда? - деп қаһарлана гүж ете түседі.
Түлкі:
- Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.
<span>Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.</span>
Дауылпаз - көнеден келе жатқан қазақтың ұрмалы аспабы
Дауылпаз - қазақ халқының көнеден келе жатқан ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Сондай-ақ, жаугершілік заманда дауылпазды қаға отырып, әскербасылар белгі беріп, сарбаздарды бір жерге шоғырландырған. Балгер-бақсылар аруақтармен тілдескенде және адамдарды емдеген кезде қолданған. «Қыз қуу», «қазақша күрес», «арқан тарту» т.с.с. ұлттық ойындар дауылпаз сүйемелдеуімен өткізілген.
Дауылпаз аспабы үйеңкі, қайың, қарағай сияқты тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы малдың жұқа терісімен қапталады. Көп жағдайда сыртын қаптау үшін ешкі, түйе, сиыр терісін қолданған. Аспапта ойнау ыңғайлы болу үшін оған аспалы бау бекітіледі. Бауды иыққа асып алып, дабыл қағады.
Дауылпаз көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Кейде аспапта дабыл қағу үшін ағаш тоқпақ пайдаланылады. Бұл аспап өзге халықтарда да кездеседі. Өзбектерде «тәбльбасс», қырғыздарда «доолбас» деп аталатын аспаптар дауылпазға ұқсайды.
Дауылпаз аспабы оркестр мен ансамбльдерде көп қолданылады. Аспап арқылы тұлпарлардың дүбірін, табиғат құбылысын, адам баласының қуану, шаттану сезімдерін көрсетуге болады. Алғаш рет дауылпазды оркестрдегі музыкалық аспаптардың қатарына Ахмет Жұбанов енгізген еді.
<span>Менин суйикти спортшым<span>Мен сйемн спорт. Мен сресе теннис, жзу, шаы, баскетбол жне мнерлеп сыранау сияты. Алайда, мен сйкт спорт тр — футбол. Мен араймын жне ойнату, жне оны ойнату шн найды. Футбол кптеген елдерде атарды, сондытан да мен отанды брге, шетел командалары сюшлерд отыр. Мен лы футболшыларды кп блемз. Оларды шнде, Марадона, Зидан, Аршавин Totti, Мальдини, Бекхэм, Cantona, Месси, Vieri, бра мен Роналдуды ойындары найды е алдымен. Мен ол атарады жне зн жол найды. Ол ана емес, талантты болып крнед, сонымен атар кшт ерк-жгерсз жгт. Оны толы атауы Роналду душ Сантуш Aveiro болып табылады. Мен португал шыан бл ойыншы найды, бра мен оны сйемн емес, адамдарды блемн. Ол барлы уаытта е ымбат футболшы болып саналады.</span></span>
Мықты болсаң, жолдасына көмектес.
Мұғалім үй тапсырмасын берсе, күнделігіне жазып ал.
Киіміңді гардеробта қайда ілсе, сол жерден ізде.