Батыр Баян (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы.
Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.
1)Классикалық музыка ( лат. classicus - «үлгілі» ) ұғымын көбіне классицизм кезеңіндегі, оның кейінгі Ағарту дәуіріндегі жазылған музыкамен байланыстырады. Әсіресе Еуропаның дәстүрлі музыкалық өнерінің туындыларымен.
Егер де классикалық музыка деп Еуропадан басқа жерге қатысты қолданса - бұл түсінік қазіргі заман музыкасынан тыс, ертеден келе жатқан дәстүрлі музыканы айқындайды.
2)Мысалы, классикалық араб музыкасы, классикалық түрік музыкасы, классикалық қытай музыкасы, т.б.
3)Халық әндері(folk music), Ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен. Халық әуенінің дамуының шынайы тарихын тек қана болжауға болады. Нотаға түскен халық әндері мен халық әуені мәдениетінің тарихының хроникасы өте сирек кездеседі, әдетте бұған немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қоғамдағы оның пайда болуы да беймәлім. Ортағасырдағы Еуропада тараған христиандық жай халықтық әуенді қаралау мен құртуға әрекет жасайды да, тілдік салт пен дәстүрмен оны байланыстырады. Қайта өрлеу дәуірінде жаңа гуманистік көзқарас пайда болып, тұрпайы көрінетін ескі халық әуендерін, композиторлар өзінің шығармашылығына пайдаланып, халық әуеніне мейірбандылықпан қарайды. Мотет пен месс шығарғанда халық әуендерін жиі қолданған, ал наразылық білдіру гимнінің әуенін тікелей халық әуендерінен алған. 17 ғасырда халық әуендері бірте-бірте қоғамнан алшақтап, кейін 18 ғасырда музыка өнеріне деген қажеттілік қайтадан туындайды. 19 ғасырда халық әуендері «ұлттың игілігі» деп есептеліп, мәдени поэзия мен әндермен қатар тұрды. Ұлттық және діни коллекция ретінде шығарылып, халық әуені патриоттық идеологияны таратудың бір жолы деп есептелді. 1890 жылдан бастап оны жинаумен және механикалық құралдармен жазуды бастайды. Жарияланымдар мен жазбалар көпшіліктің қызығушылығын арттырып, халық әуендерін беру арқылы дәурені өткен сол ғасырдағы фольклорды және дәстүрлі әдет-ғұрыпты қайта тудыруға мүмкіншілік туады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бар әлемде халық әндерінің мұрағаты пайда болды. Әдетте зерттеушілер әлі қаланың танымал әндері мен хабар тарату құралдары әлі де болса көпшіліктің назарын аудармағандықтан «аутенттік» (өте ескі) материалдарды танып біледі, бұл жанр В.Гатри, П.Сигер, Д.Баез және Б.Дилан сияқты әннің авторларының өзіндік әуеніне дәстүрлі композициядағы қарапайымдылықты және қалпын сақтайды.
4)Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
5)Твой выбор
Болу болудын болуга болуды болдын болумен болудан