Сабақтың тақырыбы: Көміртектің қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көміртек қосылыстарының табиғатта таралуын, алынуын, физикалық қасиеттерін, химиялық қасиеттерін,қосылыстарын және қолданылуын өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі тексеруге, химиялық теңдеулерді ұқыпты жазып, теңестіре білуге баулу.
Тәрбиелік: Тұрмыстық химияда кездесетін заттармен ұқыпты жұмыс жасауға, сабырлы болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: презентация , оқулық, периодтық кесте
Сабақтың құрылымы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Бекіту
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Сынып оқушыларымен амандасып, кезекшілікпен жұмыс жасау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Периодтық жүйедегі орны
— Физикалық қасиеті
-Химиялық қасиеті
-Табиғаттағы айналымы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көміртек (ІІ) оксиді – түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала жанғанда бөлінген иіс газы организмде гемоглобиннің оттекті тасымалдауына мүмкіндік бермейді. СО – тұз түзбейтін, бейтарап оксид.
СО2— көмірқышқыл газы, иіссіз, түссіз газ, тыныс алғанда, органикалық заттар шірігенде, жану кезінде түзіледі. Зертханада қышқылдардың мәрмәрға немесе борға әсер етуі арқылы алынады. Ауадан ауыр, жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі температурада қар сияқты массаға айналады.
СО2-қышқылдық оксид, сондықтан сілтілермен әрекеттеседі.
СО2+Са(ОН)2→СаСО3↓+Н2О
Бұл реакция көмірқышқыл газына сапалық реакция болып табылады.
СО2 негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
СО2+СаО→СаСО3
Сумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі:
СО2+Н2О→Н2СО3
Көмір қышқылы –тұрақсыз зат, оңай айырылады:
Н2СО3→Н2О+СО2↑