<span>Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.</span>
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.
Алатау, Арал, тау, атау, от, Омар, ата, ау, ар, ауа, ала, Марат, Марал, аула, тал, тор, мата, том, мал, лаула, тар