Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашанқұрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлықэкспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.[1]
1.тіршіліктің көзі неде? (Су)
2.тіршілік құбылыстарының бәрі ненің қатысуымен жүреді? (Су)
3.су қандай? (мөлдір)
4.суды өз ырқына бағындырса бола ма? (ешкім бағындыра алмайды)
5.бұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды- деп кім жазды? (Лао-Цзы)
6.қанша жыл бұрын Лао-Цзы осыны жазды(екі жарым мың жыл бұрын)
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық.
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. <span>Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
</span><span>Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
</span><span>Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
</span>Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп <span> жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған. </span>
Арыстан деген кім?_________
И какая прекрасная, чистая , прозрачная вода курортов Бурабай в Кокшетау, горы, как птицы, блузы танцовщицы, красивые леса!
Вся территория Бурабай, леса , Зеренды является государственным и национальным парком.
Существует отличный лечебный эффект озёра Балпашсор. И озёра Мабалыкик является частью вод Есентуки и Арасана.
Санаторий Казахстана являются экологически чистыми. У них отличное будущее.
Вот)