Құстарға тауда еркіндік мол.
- Құстарға қай жерде еркіндік мол?
- Кімдерге тауда еркіндік мол?
- Құстарға тауда не мол?
Ойылған,жер бедерінен төмендеу орналасқан еңіс жер
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Білім деген өте маңызды ұғым.Бос уақытты босқа жұмсамай, кітап оқып білім өрісін кеңейту артық емес.Қазақта білім жайлы мақалдар көп.Мысалға "Білім азбайтын тоң, таусылмайтын кең","білімді мыңды жығады" т.б.Білімді болсан сыйлы боласын.Мектеп кеме білім теңіз ал біз сол білім нəрімен сусындап жүрген қазақстанның атын шығаратын жастармыз.Білімді болайық достар!
Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептеледі.
Үш тәтті:жан тәтті,мал тәтті,жар тәтті.
Үш қуаныш:алғыс алу,өзіңді көптің іздеуі,жақсы ісінің өшпеуі.
Үш байлық:денсаулық,ақ жаулық,он саулық.
Үш жақын:жарық дүние,балаң,жарың.
Үш алыс:жер мен көк,кәрі мен жас,жақсы мен жаман.