Ответ:
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Жіктік жалғау:
жекеше: көптік:
мен біз(біздер)
сен сендер
сіз сіздер
ол олар
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.<span>Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.</span>
Мынау менің сыныптасым ғой.
Осы мектеп білім ордасы болса керек.
Мен осы кітапханадан кітап алып жүрмін.
Мен қаламсап сатып алдым.
Дәрігер өте жақсы мамандық.
-мен кызылша адамдарга пайдалымын
-мен адамдарды тумау(грип) дан сактайм.
-менде коптеген витаминдер бар.Ал сен адамдарды жылатасын .
-адамдарды жылатсам,олардын коздеринен микробтардв шыгарам дейди.
Түу, қандай суық күн болған!(Какой же холодный день был)
Алақай! Келесі аптада менің достым келеді!(Отлично! На след. неделе ко мне приедет мой друг)
Қап мына дәрісті түсінбейді достарым!(И все таки не поймут этот предмет мои друзья)
Мә! Мына алманы ал!(На! Возьми это яблоко)
Мәссаған! Бұл не деген тамаша ойын!(ОГО! что за отличная игра)