Өлке
Сұлу өңірім!
Киелі,қасиетті, ардақты,
Ұнайды- қаласы, ауданы, ауылы .
Аймақ.
Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған.Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуірінен бастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып бөлінген. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Халық арасындағы мәліметтерге қарағанда ұсталықпен бастапқыда бақсылар айналысқан. “Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп оларға халық аса құрметпен қараған. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында мал сойып, қан жағу, сүт шашу сияқты жоралғыларды жасап отырған және рухани тазалыққа мән берген. Ұсталар темірді төске басар кезде “менің қолым емес, Тәңірдің қолы” деп табынған. Мұнда “мен жасағам” деген менмендіктен арылу, сақтану бар. Жаугершілік заманда темірші ұста мен берен ұста өнері батырлықпен бірдей бағаланған. Себебі олар әрбір жауынгерге ең кемі бес қаруын, сауыт-дулығасын, т.б. қажетті заттарын тез арада дайындап беріп отырған. Ерші ұстаның қолынан шыққан ер-тұрмандар бірнеше малға бағаланған. Ұлттық саз аспаптарын жасайтын белгілі сазгер ұсталардың да туындыларын қазақ сал-серілері арнайы алдыртқан, тапсырыс берген. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелі кәсіп ретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.
Сендер қазақ тілін үйренесіңдер.
Бiз сағат сегiзде кешкi асты iшемiз.
Қазiр қайда жұмыс iстейсiз?
Күзде суық жел соғады.

Негізі жазатын ойлар көп, тек қайсысынан бастарымды білмей отқаным... Мені бір толғандыратын мәселелердің бірі - біздің қазақ отбасыларының көбіндегі отағасының отанасына деген қарым-қатынасы. Қалай айтсам екен, отбасылардағы "грубостьты" жаным сүймейді, сол отбасылардағы қарым қатынасқа қарап тұрмысқа шыққым келмейтін сәттер көп болады. Мысалы, менің бір туыс ағам бар әйелі жақында үшінші қызын дүниеге әкелді, ал әлгі кісі болса "тағы да қыз ба" деп, тіпті, перзентханаға бір рет те болса барған жоқ, жұмысын сылтауратып, құдды бір әйелі әдейі қыз туғандай, аяқ қолы аман перзент дүниеге келгеніне қайта қуанбай ма?! Тағы да түсінбейтінім ер адамдардың жұбайларына бөтен адамдардың көзінше жекіп, боқтық сөз айтып жоғары тондарда сөйлеуі. Мысалы "Әй, қатын шайың қашан дайын болады?" немесе "Не істеп жүрсін менің жейдемді үтіктемей" деген сияқты. Мүмкін әйелі басқа жұмыстармен жүріп ұмытып кеткен болар немесе қолы тимген болар, жайлап айтса да түсінеді ғой. (сондай кездерде жүрегім ауырып қалады, ертең мен де келін болғанда маған күйеуім осылай сөйлесе қандай жаман деееп=() Әйел адам не дегенмен жұмсақ емес пе, өзіне осолай сөйлеп тұрған адамның сөзін қалжыңға айналдырып, әйтеуір, ыңғайсыз ситуациядан сытылып шығды. Тағы бір түсінбейтінім бес минутқа магазинге барып келген әйелін көшедегі қай-қайдағы еркектерге қызғанатын азматтар, сіздің әйеліңіз кімге керек?! Көп ерлер әйелі ауырып қалса, көмектесудің орнына баламен бірге бала боп жатады, әйелінің ауырғанына ренжіп, как будто әйелі әдейі ауырып қалғандай. Үйленгенге дейінгі махаббат қайда қайда деп ойланып қалам сондай сәттерде...